Қонаев тұрғындары Амал мерекесін ерекше тойлап жатыр

Қонаев тұрғындары Амал мерекесін айрықша тойлап жатыр.

Өнер ұжымдары орталық алаңға жиналған жұртшылыққа "Көрісу" дәстүрін көрсетті. Сал-серілер халыққа қызмет көрсету орталығы мен "Шарапат" әлеуметтік көмек көрсету орталығына, сонымен қатар қаладағы халық көп жиналатын орындарға барып, "Көрісу" дәстүрін паш етті. Амал мерекесі осы уақытқа дейін еліміздің батыс өңірлері мен Қызылорда облысының бір бөлігінде ғана аталып өтсе, енді халықтық сипат алды. Ал қала іргесіндегі Арна ауылында "бауырсақ пати" ұйымдастырылды. Кешкілік ораза ұстаған жамағатқа, ауызашар беріледі.

Дәметкен Нүсіпбекова, Қалалық аналар кеңесінің жетекшісі:

- Бұл мереке бұрында Батыс Қазақстанда жақсы аталып өтетін. Содан естуіміз бар болатын. Бірақ бұған әлі жете қоймап едік. Еліміздің бірлігін көрсететін мереке. Туысқаншылық, туғандық, бір-біріне деген жанашырлығын көрсететін мереке. Амандығын біліп, араздығы болса, біріне деген назы болса, соны кешіретін күн. Ұрпақ арасында бұл үлкен тәрбиелік мәні бар мереке.