С. Жақыпова БҚО халқымен кездесті
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Батыс Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды 24KZ.
Мүгедектігі бар жандардың жәрдемақы мөлшерін белгілеу мәселесін көтерді. Кездесуде министрге қоғамдық бірлестіктердің өкілдері де өз ұсыныстарын жеткізді. Қазір ерекше қажеттіліктері бар адамдардың кәсіп ашуға деген ниеті жоғары. Бірақ іс бастауға бірқатар кедергі бар, – дейді олар.
Гүлмира Батпақұлова, қоғамдық қор төрағасы:
- Біздің кәсіпкерлікке бет бұрғанымызға 15 жыл болды. Осы уақыт аралығында жұмысқа деген қабілетімізді көрсеттік. Әлеуметтік жобаларымыз қаржылай қолдауға зәру. Ал оған лицензия мен сертификат керек.
Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- 15 жыл десеңіз, лицензия алуға дайынсыздар. Қазір заң жобасы Сенатқа жіберілді. Мемлекет басшысы қол қойған соң, жаңа тәртіп енгізіледі. Құжат жинауға 2 айыңыз бар.