Қызылордада 134 отбасы баспаналы болды
Көпқабатты үйге әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандар қоныстанып жатыр.
Көпбалалы аналарға тегін берілді. Үй құрылысына жергілікті материалдар пайдаланылды. Жалпы өңірде кезекте тұрғандарды баспанамен қамту үшін, бюджеттен 14 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 70 көпқабатты тұрғын үй салынады. Оның 16-сы жеті қабатты болады. Нәтижесінде жыл соңына дейін облыстың 2 мыңдай тұрғыны үйлі болады.
Феруза Әбжанова, көпбалалы ана:
- Үй кезегінде тұрғаныма 8 жыл болды. Пәтерден пәтерге көшіп жүрдік. 20 жылдай тұрдық квартирада. Мемлекет басшысына рақмет айтамын осылай көпбалалы аналарды қолдап жатқанына. Бес балам бар, үшеуі студент, екеуі оқушы. Үй жайлы, 3 бөлмелі. Рамазан айында өте қуанышты жаңалық болды бізге. Қуанып, толқып, аяқ астынан болды бәрі де.