ШҚО-да заңсыз қоқыс полигоны көбейіп барады
Шығыс Қазақстан облысында рұқсат етілмеген жерге үйілген 200-ге жуық қоқыс алаңы тазартылды.
Енді тағы 90-ға жуық үйінді жойылады. Қатты қалдықтар ретсіз шашылып жатқан жер әсіресе Өскеменнің маңайынан көп табылған. Сонымен қатар Ұлан, Шемонаиха аудандарында да баршылық. Ал Қатонқарағайда қалдық төгетін арнайы жабдықталған жер мүлдем жоқ. Санитарлық талапқа салғырт қараған аудан шенеуніктері мен коммуналдық қызмет басшыларына 232 мың теңге айыппұл салынды.
Бақыт Кұмарқанова, облыс бойынша мемлекеттік экологиялық инспектор:
- Экология департаментінің мамандарымен және аудан әкімдігі өкілдерімен бірлесіп арнайы кесте құрдық. Онда барлық заңсыз үйілген қоқыс орындары жайлы ақпарат бар. Сол мәліметке сүйеніп, олардың қалай тазаланып жатқанын тексереміз.