Наурыз – қайырымдылық айы

Алматы мектептері қайырымдылық қордың көмегімен «кедергісіз орта» қалыптастыруға ден қойып келеді.

Қаладағы 13 білім беру мекемесінде мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған көтергіш құрылғы орнатылды. Ал оқушылар болса наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматына қызығушылық танып отыр. «Наурызнама» бастамасы оқушылардың қоғамға деген, қоршаған ортаға деген құрметін арттыра түседі.

Кедергісіз орта құруға талпынған білім мекемесінің бірі №131 мектеп-лицей. Арнайы құрылғы мүмкіндігі шектеулі және жарақат алған оқушылардың жоғарғы қабатқа шығып-түсуін жеңілдеті. Бұл инклюзивті білім беруге қажетті бірден-бір құрал. Қайырымдылық қордың көмегімен осындай аранйы орындықпен республиканың 80 мектебі жабдықталмақ.

Қарлығаш Әлімжанова, қала тұрғыны:

- Барлық мектептерге қажетті зат екен. Мүмкіндігі шектеулі балаларға өзін осы қоғамда өзін жат сезінбеу үшін әрбір жерге қажетті зат деп ойлаймыз. Балалар өздерін басқа балалармен тең жүріп, тең білім алсын деген ойда айтып тұрмын.

Дәл осындай көтергіш №28 меткеп-лицейге де берілді. Мектеп оқушылары да қайырымдылық жасауға асығып тұрады. Бүгін мұқтаж жандарға көмектесу мақсатында жәрмеңке ұйымдастырды.

Айсұлу Медетбекова, М. Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінің директоры:

- Бұл жәрмеңке бізде жылда өтеді, балаларға өте ұнайды. Бүгін балалар өздері таңнан осы мереке қарсаңында осындай шараның ұйымдастырғанына өте қуанып, өз заттарын сатып, мүмкіндігі шектеулі балалар болсын, мұқтаж адамдарға болсын көмектерін көрсетуге өз күштерін салып жатыр. 

Алматы оқушылары «Наурызнаманың» әр күніне ерекше мән береді. Бүгінгі күнді қайырымдылыққа арнаса, әрмен қарай «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні, «Шаңырақ», «Ұлттық киім», «Ұлттық спорт», «Тазару» күні сынды атаумен жалғасады.

Аршын Кемелжан, Эдуард Кон