Петропавлдық студенттер тәртіп сақшысының қызметімен танысты

Петропавлдық студенттер бір күнін полицияның қызметін танып-білуге арнады, деп хабарлайды 24KZ.

Өздерін криминалист, тергеуші, учаскелік инспектор ретінде сынап көрген жастар шұғыл шақыртуларға шықты. Отбасылық жанжалдарға араласып, таңертеңнен кешке дейін тәртіп сақшыларымен бірге қызмет атқарды. Сонымен қатар тұтқындарды босату, адам өлтіру және тонау қылмыстарын ашуға қатысып, тергеу амалдарын жүргізді. «Полициядағы бір күн» республикалық жобасы жастар арасындағы заңбұзушылықтарды азайтып, құқықтық сауатын арттыруға мүмкіндік береді», – дейді ұйымдастырушылар. Болашақ мамандар жедел басқару орталығында да жұмыс істеп, жол ережесін бұзған жүргізушілерді анықтады. 

Айдын Қабдұлдинов, облыстық ПД бастығы:

- Қала бойынша бізде 5 мыңнан астам камера бар. Олардың барлығы біздің «центр оперативного управления» дейді, соған барлығы шығарылған. Осы біздің студенттер шақыртулар болған кезде солардың барлығына барып, біздің полиция қызметкерлері қалай жұмыстарын атқаратынына өздері көз жеткізеді.