Ұлттық құрылтай диалог алаңына айналды
Қазір қазақ тілі мәдениет, өнер мен тарихтың ғана тілі.
Сондықтан да ана тілдің аясы тар. Ал оны әлемдік қолданыстағы тілге айналдыру үшін қазақ ғылымы дамуы керек. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов ұлттық құрылтайға қатысты осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, Ұлттық құрылтай қоғам мен мемлекет арасында тиімді диалог алаңына айналып отыр. Секцияларда айтылған ұсыныстардың басым бөлігі жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеуге, елдің ғылыми әлеуетін көтеруге, мәдениет саласын қолдауға және қоғамдағы өзге де өзекті мәселелерге қатысты жасалды.
Азамат Жылтыркөзов, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректорының міндетін атқарушы:
- Біз өзіміз өзіміздің ұлттық нақыштағы мерекелеріміз, мәдени іс-шараларымыз, ұлттық құндылықтарымыз, қасиетті қара домбырамыз, қобызымыз, оның бәрі ЮНЕСКО-ға кірді. Биылдан бастап наурыз мейрамының аталуының өзі де бұл бір мәртебе, үлкен бір жетістіктердің бірі десекте болады. Айтып кеткендей Президентіміз «Жаңа жыл, жаңа жылымен қала берсін, бірақ өзіміздің ұлттық нақышымызды, өз орнымызды ойып алатындай осындай бастамалар өте керек».