IV құрылтай Көкшетауда өтеді

Төртінші құрылтай Көкшетау төрінде өтеді.

Бұл туралы Атырауда өткен келелі жиында Мемлекет басшысы мәлімдеді. Көкшелік зиялы қауым өкілдері осы жаңалықты қуанышпен қабылдады. Алдағы құрылтайда қордаланған мәселелер тақыланып, ел үшін маңызды шешімдер қабылданатынына сенім білдірді.

Ермек Нұғыманов, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы:

- Қазақтың үш жүзінің басын құрып, қазақты үлкен дәрежеге жеткізген қазақ жерін жоңғар, қалмақ басқыншыларынан азат етіп, қазақты қазіргі отырған жеріне толық қоныстандырған Абылай ханның елі Көкшетауда келер жылы құрылтай өтейін деп жатыр. Бұл да бір Көкше халқы үшін үлкен дәреже. Біз үшін үлкен жауапкершілік. Көкше халқы бірігіп, елді біріктіретін, еңсесін көтеретін шараны жақсы, жоғары деңгейде өткізеді деген сенімдеміз.