Құрылыс кодексі жаңарады
Құрылыс нысанын жоспарлаудан бастап пайдалануға беруге дейінгі қызметті үйлестіруді бір ғана мердігерге тапсыру керек.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің вице-министрі осылай деді. Оның айтуынша бұл шешім жобаның құнын 15 процентке төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Тимур Қарағойшин жобалау ұйымдарындағы техникалық және авторлық қадағалау қызметтерін біріктіру керектігін айтты. Сонда саладағы сыбайлас жемқорлық жағдайлары азаятын көрінеді. Вице-министр: «Бұл үшін жаңа құрылыс кодексін дайындаудамыз», - деді.
Тимур Қарағойшин, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің вице-министрі:
- Құрылыс кодексінің жобасына кейбір депутаттар сын айтқанымен, жобалаушылар парламент мәжілісінде енген кодекс жобасын қолдауда. Атап айтқанда олар жауапкершілікпен қоғамдық бақылауды күшейту және техникалық реттеу жүйесін регламенттеу, сонымен қатар кодекс атауына қолдау білдіруде. Жобалау ұйымдарының ұсыныстары негізі үш бағыт бойынша.