Астанада ұлттық киім ұлықталды
Елордада Ұлттық киімге арналған сән көрсетілімі өтті.
Шарада жергілікті дизайнерлер заман талабына сай келетін қазақы нақыштағы көйлектерін таныстырды. Сондай-ақ, түрлі таспен әрленген әшекей бұйымдар да ұсынылды. Шараның бір ерекшелігі - мұнда салаға енді қадам басқан жас сәнгерлер де өз топтамаларын әкелді.
Елордада Ұлттық киімге арналған сән көрсетілімі өтті. Шарада жергілікті дизайнерлер заман талабына сай келетін қазақы нақыштағы көйлектерін таныстырды. Сондай-ақ, түрлі таспен әрленген әшекей бұйымдар да ұсынылды. Шараның бір ерекшелігі - мұнда салаға енді қадам басқан жас сәнгерлер де өз топтамаларын әкелді.
Сән кешіне туынды әкелген ең жас дизайнер – 17 жастағы Аэлита Әбдіқадыр. Ол киім тігуге 5 жасынан бастап қызыққан. Сүйікті ісін кәсіпке айналдырған бойжеткен шараға соңғы топтамасын әкелді. Бұл жолы дисней ханшайымдарынан шабыт алып, көйлектеріне күлгін түс беріпті.
Аэлита Әбдіқадыр, жас сәнгер:
- Бұл жібек матадан тігілген топтама. Филолетовый түсті. Бір көйлекті тігуге басынан аяғынан дейін 1 ай. Менде 2-3 топтама бар. Бір топтаманы істеуге 5-4 айдай кетеді.
Кеш барысында кәсіби сәнгерлер де көйлектерін көрсетті. Ұлттық киіммен қатар әшекей бұйымдарын да ұсынды. Жай таныстырып ғана қоймай, туындының тарихы мен мәдени маңызын да жіпке тізгендей айтып берді.
Бахаргүл Төлегенқызы, этнограф, дизайнер:
- Зергерлік бұйымның 8 түрін әкелдік. Олардың барлығы: бойтұмар, тұмарша, өңіржек, құстұмсық жүзік, білезік, және сырға, шашбау. Осындай 8 түрлі зат әкеп, әрқайсысының қасиетіммен бірге қыздар тағып, шығып көрсетті. Ұлттық киім ұлт мұрасы дейді ғой. Сосын ұлттық мұрамызды заман ағымына сай жетілдіріп, дизайнерлердің ұшқыр-қиялынан шыққан тамаша туындылар.
Шара Ұлттық киім күніне орай ұйымдастырылды. Жергілікті билік құндылықтарды ұлықтауды әрі қарай жалғастыра беретінін жеткізді.
Әлия Әбсеметова, Нұра ауданы әкімінің орынбасары:
- Қазіргі студенттердің жұмыстарына қарап отырсақ, қазақ киімінің, салт-дәстүріміздің болашағы бар деп есептеймін. Ұлттық киімді ұлықтау өте маңызды, біз таризымызды ұмытпауымыз керек, салт-дәстүрімізді ұмытпауымыз керек.
Сән көрсетілімен кейін кеш білім дәрісіне ұласты. Мұнда кәсіби дизайнерлер, қоғамдық қайраткерлер кейінгі буынға ұлттық киімнің тарихы мен мән-мағынасы жайында айтты.
Бекзат Аманов, Асхат Қарақойшиев