Таразда жаппай тал егу жұмыстары басталды. LIVE
Жаңару күнінде Таразда жаппай тал егу жұмыстары басталды, деп хабарлайды 24KZ.
Мәселен, қазір қала тұрғындары орталық саябақта 600 түп жас өскінді отырғызып жатыр.
Мерей Бает, тілші:
- Иә, күн сәулесін шашқан көктемнің күнінде тал егуге шыққан тұрғындар көп. Негізі шаһардың әр аумағында тал егіліп жатыр. Біз қала орталығындағы Қайрат Рысқұлбеков саябағына келдік. Мұнда студенттер, волонтерлер мен аға буын өкілдері 600 түптен аса жас өскінді отырғызып жатыр. Жалпы биыл қалада 40 мың көшет егіледі, оның 20 мыңы қала шетіндегі шалғай аудандарға арналған. Негізінен жапырақты және қылқан жапырақты, одан бөлек, шырша, қарағаш тұқымдарын отырғызу жоспарланып отыр. Тал егу – бір жұмыс, оны күтіп-баптауы тағы бар екені белгілі.
Бұған дейін шаһар аумағына егілетін гүлдер өзге қалалардан сатып алынатын. Биыл қала әкімдігі гүлзарларды өзіміздің гүлдермен толтырмақ. Ол үшін қала тазалығына жауапты мекеменің жылыжайларын жөндеп, 1 миллион тұқым отырғызған. Сонымен қоса 15 мың түп көпжылдық раушан гүлдері егілмек. Енді оларға тиісті күтім көрсетілсе, қала шырайын одан әрі аша түсері сөзсіз.