Наурыз — береке бастауы
Қазақ елі Наурыз мейрамын бар сән-салтанатымен тойлап жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Көрісу күні басталған ұлық мерекенің әр күні ұлттық құндылықтарды дәріптеумен ерекшеленді. Күннің көзі әлі толық жібімесе де, көктемнің алғашқы лебі есіп тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мейрам туралы: «Наурыз – ағайынды бауырмалдыққа, көрші-қолаңды татулыққа шақыратын береке-бірліктің мерекесі», – деді. Ұлыстың ұлы күнін біздің ел жаппай атап өтіп жатыр. Жер-жерде той-тойға ұласты. Наурыз мерекесіне жиылған жұрт та шат-шадыман.