«Жер сағаты» акциясы өтті
Елорданың 100-ден астам нысаны «Жер сағаты» ауқымды экологиялық акциясы аясында сағат 20:30-да өз шамдарын өшірді, деп хабарлайды 24KZ.
Олардың қатарында «Ақорда», «Бәйтерек», Тәуелсіздік сарайы сынды ірі ғимараттар да бар. Акцияның негізгі мақсаты – адамдардың назарын ғаламшар ресурстарына жауапты қарауға және оны ұтымды пайдалануға аудару.
Қазақстан халықаралық науқанға 2009 жылдан бері қатысып келеді. «Жер сағаты» қозғалысының ұйымдастырушылары жаһан жұртын жалпы әлемдік акцияға ат салысып, үйдегі жарықты бір сағатқа сөндіруге шақырады.