Көкжайлау беткейінде ірі қар көшкіні жүрді
Алматының іргесіндегі Көкжайлау беткейінде ірі қар көшкіні жүрді.
«Казселденқорғау» мекемесінің мәліметінше, қардың көлемі шамамен 50 мың текше метрге жеткен. Аймақтағы толассыз жауын-шашын мен күннің жылынуынан қар күрт еріп, соңғы күндері Іле-Алатауы беткейлерінде бірнеше қар көшкіні тіркелді. «Ең үлкен қар көшкіні Қотырбұлақ өзенінің бассейнінде болды, онда көлемі 400 мың текше метр қар түсті», - дейді мамандар. Қазір қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қар көшкіні қаупі бар аймақтарға тұрғындар мен демалушылардың кіруіне шектеу қою үшін бақылау-өткізу бекеттері орнатылды. Мұндай көшкіндерге тап болған адамдарды құтқару мүмкіндігі аз болғандықтан мамандар алдағы күндері таулы аймақтарда жаяу жүрмеуге кеңес береді.