Қызылорда-Жезқазған жолы жыл сайын батпаққа айналады
Күн жылына Қызылорда-Жезқазған жолы ми батпаққа айналады.
Жылдағы жағдай осы. Жақында ғана батып қалған 75 көлікті арнайы техника сүйреп шығарды.
зындығы 420 шақырымға созылған жолдың Қызылорда облысы аумағындағы бөлігін жөндеу 2 жыл бұрын басталған. Ал Ұлытауға тиесілі аумақта әлі қозғалыс жоқ.
«Қызылорда-Жезқазған» күре жолы еліміздің оңтүстігі мен солтүстігін жалғайтын төте жол. Сондықтан, теріскейге бақша өнімдерін тасымалдаған көлік керуені осы трассамен жүреді. Осыдан 50 жыл бұрын салынған жол бүгінге дейін күрделі жөндеу көрмеген. Ұлытау облысына қарасты 200 шақырымның тең жарымында асфальт жамылғысы жоқ. Көктем мен күзде жолаушыларды әбігерге салатын тұс - осы.
Асқар Сақаев, облыс тұрғыны:
- Жезқазғанға қарай жол жоқ есебінде ғой. Жол жоқ қой. 10 сағат жүріп келеміз ғой. Әрі қарай 3 сағатта жетіп барамыз. 13 сағат кетед та обшым жолға.
Бір жүрген жан азабын ұмыта алмайтын жолмен Қасен Байшеев аптасына екі рет жүреді. Солтүстікке мал азығын тасымалдайтын азамат талай рет жолда қалған. Осы жолы да 3 күн жүріп, зорға жетіпті.
Қасен Байшеев, облыс тұрғыны:
- Зорға келдік шыныменен. Жолда батып жатыр қанша көлік. Жол босап кеткен. Осы жолды реттесе деп отыр енді. Ақылы болса да әйтеуір тегіс жолмен келгенге не жетсін. Ертерек әрекет жасап, биыл қимылдаса дұрыс болар ед деп отырмыз.
Жолды жөндеу екі жыл бұрын басталды. Ұлытауға қарасты 200 шақырымды жаңғыртуға бөлінген 90 млрд теңге жетпей қалды. Былтыр үкімет «Азия даму банкімен» бірлесіп, қаржы көлемін 145 млрд теңгеге көтерді. Сатып алу байқауы қазан айында өткен. Дегенмен әлі күнге мердігер анықталған жоқ.
Сұңғат Рақымжанов, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ облыстық филиалының директоры:
- Қазір Азиатский банктің ережелеріне сай жұмыстар жүргізіліп жатыр. енді қазір мердігерлер анықталған соң, жердің обьездной жол жасап, қалашықтар жасап, карьерлердің құжаттарын дайындайды. Осы жылдың екінші жарты жылдығында бастаймыз ба деп отырмыз.
Жезқазғанға сырттан тасымалданатын тауардың дені осы жолмен келеді. Жолдың нашарлығы әрине тасымал құнын да арттырады. Мамандардың айтуынша, бұл жолмен тәулігіне 1 мыңнан астам көлік қатынайды. Олардың іркіліссіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жер құрғап кеткенше «Қазавтожолдың» арнайы бригадасы кезекшілік етеді.
Елдос Кәкенов, Нұрбол Үздікбаев