Қаракөлде жағдай тұрақталды. LIVE
Абай облысында төтенше жағдай қызметкерлері бірнеше күннен бері тыным таппай жүр.
Кеше Жаңа Семей ауданының Қаракөл ауылындағы бірнеше үйдің қора-қопсысына су кірген. Еріген қар суы елді мекенге Абай ауданы жақтан келген. «Семей-Қарауыл» автожолының үстіне су жайылғандықтан көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған еді.
Азамат Қасым, тілші:
- Қазір Қаракөлдегі жағдай тұрақты. Алайда су толық кетті деуге келмейді. Ауылдың маңында жайылған су бар. Сондықтан төтенше жағдай мамандары бақылауда ұстап отыр.
Қазір облыста осы Жаңа Семей ауданында ғана емес, Жарма, Аягөз аудандарында да қарғын судан қауіп бар. Кеше Аягөз өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, Аягөз қаласындағы бес үйдің ауласын су басқан болатын.