Тасқынға қарсы шаралар

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында бірнеше жол бөлігін жауып, арқырап аққан тасқын судың бағытын өзгертуге тура келді.

Мәселен Ақсуат-Бәкей-Қарасу қатынасы жабылып, жолды қазып арық жасау арқылы жиналған су, жазық далаға қарай жіберілді. Енді бұл маңайдағы ауылдарға тасқын қаупі сейілді. Қарасу Ақ-мектеп облыстық маңызы бар жол бөлігі де уақытша жабылып, тура осындай шара атқарылды. Өйткені келген су жолдағы көпірге сыймай, жайыла бастаған. Ал Қазақстан ауылына қызыл су кіріп кетпеу үшін, иНертті материалдан бөгет тұрғызылып, тасқынның беті жазық далаға бағытталды. Қазір әкімдік өкілдері мен төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары, жағдайды толық бақылауда ұстап отыр.