Аманкелді ауылындағы 40 үйді су басуы мүмкін

Қостанай облысының Аманкелді ауылында қар суының беті қайтар емес.

Кеше елді мекендегі 12 үйді су басқан еді. Бүгін олардың саны қырыққа жетуі мүмкін. Ағынды су Боранбаев атындағы жалпы білім беру мектебіне тақап келді. Төтенше жағдайлар қызметі, атқарушы билік, жергілікті халық жұмылып, біЛім ордасын аман алып қалудың амалын жасап жатыр. Ауылдағы мектеп-интернатта 45 орындық эвакуациялық пункт ашылды. Бірақ әзірге ол жерге ешкім орналасқан жоқ. Үй-жайларын, қора қоп-сыларын су басқан тұрғындар, туыс-туғандарын паналап отыр.