Құмар ойынмен күрес тетіктері
Қазақстанда букмекерлік кеңселерді бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде және биллбордтарда жарнамалауға тыйым салынуы мүмкін.
Мәжіліс заң жобасын әзірлеуге кірісті. Құжатта салық және несие бойынша берешегі барлардың құмар ойындарына қолжетімділігін шектеу, лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселердің интернет-ресурстарын бұғаттау тетіктері де қарастырылған. Елде бәс тігу ойындарына тәуелділер саны артып барады. Ресми статистикаға сүйенсек, қазір мұндай 300 мыңнан астам адам бар.
Меруерт Қабылбаева, Парламентаризм институты жеке заңнама орталығының басшысы:
- Бұл түзетулер қабылданса, азаматтарымызды құмар ойынға тәуелділіктен айтарлықтай қорғаймыз. Қазақстандағы ойын бизнесіне өзгеріс алып келетіні сөзсіз. Заң жобасы қаралып жатыр. Ол кең көлемде талқылауды қажет етеді.