Жұмыссыздар саны азайды

«Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру аясында 13 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.

Биылға 100 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Бұл туралы салалық министрлік өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, қаражаттың негізгі бөлігі, яғни 70 пайызға жуығы төрт облысқа – Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе және Алматыға бөлінген.

Ербол Тасжүреков, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Қаражат жетіспеген жағдайда облыс әкімдіктерінің жергілікті бюджетінен шағын несиелеу түрінде қосымша қаражат бөлу мүмкіндігі бар. Бұл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл мен шағын қалалардың тұрғындарын кредиттеумен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді.