Ұлытау облысының Жезді кентінде төтенше жағдай жарияланды

Елді мекеннің ортасынан өтетін Жезді өзені түнде арнасынан асып, бірнеше үйді су басты.

Өзенде сең қозғала бастағанда-ақ құжатын жинастырып дайын отырған тұрғындар қауіпсіз жерге көшіп үлгерді.

Жезді тұрғындары мұндай мол суды көптен көрмеген едік дейді. 3 метрден аса көтерілген өзен суы арнасын бұзып, жақын орналасқан 20 шақты үйдің ауласына жайылған. 10-ға тарта үй су астында қалды. Қарғын су лап қойғанда тұрғындар қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Олар алдын ала ескертілген еді.

Маржан Кутеева, кент тұрғыны:

- Жаңадан салынған үй бар, сол жерге временно орналастырад деді. Бірақ әлі  келген жоқ. Үйдің іші суға толып тұр. әлі ешнәрсемізді ала алмай тұрқ. Откачивание арғы жақтан жасап жатыр, ол кетпей үйдің ішіндегі су кетпейді дейді. Таңғы сағат 3-тен бастап далада жүрк.

Тасқынның салдарын жоюға Төтенше жағдайлар департаменті мен полициядан 100 ге тарта адам жұмылдырылды.13 техника мен 3 су сорғы құрылғысы жұмыс істеп тұр. 26 отбасының 100 ден астам адамы туыстарының  үйін паналауда. Аудандық деңгейдегі төтенше жағдай жариялаған жергілікті билік тиісті көмек көрсетіледі дейд.

Мұратбек Жұмабек, кент әкімі:

- Зардап шеккен азаматтарға баспана тауып беру жұмыстары жүріп жатыр. 2 отбасыға үй табылды. Қалғандары бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Еріген қар суы Ұлытау ауданына қарасты Талдысай елдімекенінде 8 үйді басып қалды. 20 адам эвакуацияланып, 100-ге тарта іріқара мал қауіпсіз жерге шығарылды. Жергілікті атқарушы орган мен төтенше жағдайлар басқармасы мамандары су басу қаупі бар өзге де аумақтарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруа

Есен Байыров, облыстық ТЖД бастығы:

- Қазгирдометтің айтуынша 3 күн жаңбыр болады деп тұр. жаңбырдың себебінен уровень көтерілуі мүмкін. Бірақ, бәрі бақылауда тұр. ұлытау облысында 15 участок бар. 15 участоктың бәрін бақылауға  алып, әр жерге групировка қойып, хабарлап қандай көмек керек сол арада көмек көрсетуге дайынбыз.

Облыс аумағындағы су қоймалары мен тоғандар бақылауға алынды. Ондағы гидротехникалық жабдықтардың дайындығы тексерілді. Мамандардың болжамы бойынша биыл су жылдағыдан көп келуі мүмкін.

Авторлары: Елдос Кәкенов, Нұрбол Үздікбаев