Қостанайдың Аманкелді ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі
Қостанай облысының Аманкелді ауданында су басқан елді мекендерден жүзге жуық адам құтқарылды.
Олардың барлығы дерлік әзірге туыс-туғандарын паналап отыр. Тасқын судан зардап шеккендер азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Оларға мемлекет тарапынан да материалдық көмек көрсетілетіндігі айтылды.
Мағауия Қалиев, тілші:
- Стендап Ауылға сол жақ беттен тақап келген қарғын су 4-5 сағаттың ішінде денгейі екі метрге көтерілген. Қазір ауыл жұрты жабылып,осының жиегін құм сазбен бітеп жатыр. Бірақ су тасқыны тоқтамаса, мынау арнасынан асып, тасуы мүмкін дейді.
Тасқын судың бетін қайтаруға жұмылған Аманкелді жұртының ауызбірлігі көпке үлгі боларлықтай. Жергілікті халық төтенше жағдайлар қызметі жасақтарымен бірге күні-түні осы су басында.
Фархад Жүрсінов, Аманкелді ауылының тұрғыны:
- Жұмыс істейтін жастар келіп еріктілер бар,ешкім үйде қалып қойып жатқан жоқ. Амангелдінің бірлігін, батыр елінің жігіттері екендігін көрсетіп, ұйықтамай кешеден бері. Және де Қостанай қаласынан, Астанадан жігіттер материалдық жағынан көмек жасап жатыр.
Ер азаматтар күл, құмнан бөгет тұрғызып, аулаларды судан арылтып жатса, қыз-келіншектер жағы ас-тағамдарын дайындап, жеткізіп беріп отырады.
Қарлығаш Арыстанова, Аманкелді ауылының тұрғыны:
- Біз құрт көже әкеліп жатырмыз үйден өзіміз дайындап. Кезектесіп әкеліп тұрамыз.
Аманкелді ауданында жалпы саны 12 ауыл, қыстақты су басқан. Тұрғындарды құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Су қоршауында қалған елді мекендерден бірінші кезекте әйелдер мен балалар тікұшақпен шығарылады. Оларды қабылдайтын эвакуациялау пункті дайындалған. Бірақ ол әзірге бос. Көбісі туыс-туғандарын паналап отыр. Ал су қоршауынан өте алмаған мал басы біраз шығын болды.
Есім Дауылбаев, Аманкелді ауылының тұрғыны:
- Малмен жағдайын жасап жатқан халық қой енді. Қай уақытта болса да сол жастарға үкіметтің беріп отырған несі бойынша жаңағы малдарын көбейтіп отырған жағдайда ғой енді. Мынандай жағдайда бірден айырылып қалған кезде енді адамның іші ашиды.
Қанша үйді су басқандығы, қанша шығын келгендігі әзірге белгісіз. Онымен арнайы комиссия айналысатын болады.
Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:
- Зардап шеккендерге көмек жасау үшін арнайы комиссия құрылды. Барлығына да мемлекет тарапынан көмек берілетін болады. Бірде бір адам өзінің проблемасымен қалмайды. Барлығына да көмек жасалынады.
Биылғы тасқында әсіресе Қызыл жұлдыз ауылының тұрғындары қатты зардап шекті. Көмек сұрап 185 адамнан өтініш келіп түскен. Оларға шұғыл түрде қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетіледі. Әр отбасы мүшесіне 100 мың тенгеден беріледі. Қызыл жұлдыздан және Көлқамыстан эвуакуацияланған балалар тқртінші тоқсанды Арқалықта оқиды. Олар киім-кешек, оқу құралдармен толық қамтамасыз етіледі.
Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг