Солтүстіктегі ауыл тұрғындары шымкенттік құтқарушыларға алғыс білдірді
Шымкент қаласының құтқарушыларына Жібек Жолы ауылының тұрғындары алғыс білдірді.
Елді мекен белсенділері тасқын су кезінде қол ұшын созып, көмекке келген мамандардың еңбегін жоғары бағалап отыр. Қиындықта қолдау көрсеткен құтқарушыларға жергілікті тұрғындар алғыс хат табыстады. Айта кетейік, су тасқынының салдарын жою үшін 28 наурызда Аршалы ауданына Шымкент қаласынан Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келген болатын.