Көкшетауда су тасқынының қаупі сейілді
Көкшетаудағы тасқын судын қаупі сейілді.
Қазір Қылшақты өзеніндегі су деңгейі бір метрге дейін төмендеген.
Мәжіліс депутаттарымен кездескен өңір басшысы осылай деді. Десе де, арқаны кеңге салуға әлі ерте. Себебі алқаптардағы қар толық еріген жоқ. Сондықтан құтқарушылар өзенді тәулік бойы бақылауға алған. Өңірге жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаттары Қылшақтыдағы су деңгейін тексеріп, тұрғындармен кездесті.
Айна Мысырәлімова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Ең бірінші біз осы проблемаларды мәжілісте көрсетеміз. Бір шешімге келуге тырысамыз.
Марат Ахметжанов, облыс әкімі:
- Қазір жағдай тұрақты. Кешегі жасалған жұмыстар оң септігін тигізді. Қазіргі таңда ешқандай қауіп жоқ.