Қ. Бишімбаев соты

Астанада алқабилердің қатысуымен экс-министр Қуандық Бишімбаевқа және оның бөлесі Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

Бүгін экс-министр, 8-ші қарашадағы қайғылы оқиға бойынша өз нұсқасын баяндап берді. Марқұммен арадағы жанжалдың Орталық концерт залында басталғанын, оның қалай жалғасқанын және "Бау" мейрамханасында Нүкенованың дәретханада өзі соғылғанын айтты. Сондай-ақ, марқұмның есінен қалай айырылып, оны өз-өзіне келтіру үшін қандай әрекет жасағанын баяндады. Бишімбаев бөлесі Байжановпен бірге дәрігердің кеңесімен «аммиак» сұйықтығын иіскеткен. Сонымен қатар, айыпталушы жедел жәрдем шақыртудың орнына балгердің кеңесіне жүгінгенді жөн көрген. Балгер Салтанатты сәлден соң есін жияды депті. Уақыт өте Бишімбаев, қорылдап жатқан Нүкенованың тынышталғанын көріп, бөлмеден шыққан. Ал қайта кіргенде оның денесі салқындағанын аңғарған.

Еске салсақ, сот процесі кешке дейін болады деп күтіледі. Отырыста сол күнгі суреттер мен видео жазбалар алқа билерге ұсынылды.