Мемлекеттік сатып алу саласында заңбұзушылық жиіледі
Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімдігі 1 компьютерді 23 млн теңгеге сатып алмақ болған, деп хабарлайды 24KZ.
Атқарушы орган мемлекеттік сатып алу сайтына байқау жариялаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент бюджет қаражатын негізсіз жұмсау дерегін дер кезінде анықтады. Нәтижесінде бір компьютер 230 мың теңгеге бағаланды. Сала мамандарының сөзінше, жыл басынан бері өңірде 20-ға жуық мемлекеттік ұйымда осындай қылмыс тіркеліп, 600 млн теңге үнемделді.
Асхат Оразхан, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:
- Біз мемлекеттік сатып алудағы жобаларды әзірленіп жатқанда әрекет ете бастаймыз. Алдымен ұсынымдық сипаттағы хат жібереміз. Ал конкурс жарияланып, жеңіпаз анықталып, келісімшарт жасалса, онда Мемлекеттік ішкі аудит департаменті араласады. Өйткені олардың ұйғарымдар енгізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту бойынша өкілеттігі бар.