Пойыздар тегін жүреді
Бүгіннен бастап Құлсары-Атырау бағытында жолаушылар пойызы тегін қатынайды.
Кеше республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары арасындағы тас жолды су шайып кетті.
Бүгін сағат 10:30-да пойыз Құлсары станциясынан облыс орталығына аттанады. Жолаушылардың сұранысына сәйкес Жылыой ауданына қарасты Шоқпартоғай мен Мақат станцияларына да тоқтайды. Шоқпартоғай ауылы аралда қалғаннан кейін елді мекенге азық-түлік, қажетті құрал-жабдықтар жеткізу жоспарланып отыр.
Жүсіп Қалиханов, Құлсары теміржол станциясының бастығы:
- Жылыой ауданындағы төтенше жағдайға байланысты Қазақстан теміржолы атынан 5 вагон берілді. Жалпы тегін. Жолаушыларға билет сатылмайды. Атырауға барам деушілер болса, Шоқпартоғайға барам деушілер болса, жолда Мақат, Доссор деген станцияларға барам деушілер болса осы пойызға мінуіне болады.