Су тасқынынан зардап шеккендер қанша қаржы алады?
Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккен 4 аудан тұрғындарына 369 мың 200 теңге беріледі.
Ал Ақтөбе қаласы мен Әйтеке би ауданы тұрғындарына 300 мың теңгеден бір жолғы төлем беріледі. Ол үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша қалалық немесе аудандағы жұмыспен қамту бөлімдеріне хабарласуы қажет.
Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментінен су тасқынынан зардап шеккенін растайтын анықтама алып келуі керек. Барлық ақпарат 8 жұмыс күні ішінде тексеріліп, анықтамадағы ақпарат расталғаннан кейін, өтініш беруші біржолғы төлемді 3 жұмыс күні ішінде алады.