Жылыойда мал қауіпсіз аумаққа шығарылды

Атырау облысы Жылыой ауданында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүріп жатыр.

Құрсай өзегіне су басу қаупі төнгендіктен бөгеттерді нығайту жұмыстарына полиция, төтенше жағдайлар қызметі және әскери бөлімнен 321 қызметкер жұмылған.

Ауыл тұрғындары мен еріктілерден 4030 адам көмекке келді. 121 техника жұмыс істеп жатыр.

Ауыл тұрғындары мен Төтенше жағдайлар қызметінің күшімен 7 мыңға тарта мал қауіпсіз жерге көшірілді.