Қостанай облысында республикалық маңызы бар тас жолды су басты
Бірақ көліктердің қозғалысына ешқандай шектеу қойылмаған.
"Нақтырақ айтқанда «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» жолының 253-ші және 254-ші шақырымын су алды. Оған себеп Тобыл өзенінің тасуы мен көрші Ресейден үлкен көлемде судың келу", - дейді "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының өкілдері. Негізі бұл учаскеде 2 су өткізгіш құрылғысы бар. Қазір қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы бақылау орнатылып, қажетті ескерту жол белгілері қойылды. Сондай-ақ, жол жиектері инертті материалдармен және құм салынған қаптармен күшейтілуде. Қазір бұл маңдағы жұмыстарға 4 бірлік техника мен 9 маман жұмылдырылған.