Бесқоспа ауылының 200 тұрғыны эвакуацияланды

Ақтөбе облысы Бесқоспа ауылының 200 тұрғыны эвакуацияланды.

Оның 80-і бала. Мағаждан су қоймасы бөгетінің бұзылуына байланысты, елді мекенді су басу қаупі туындады. Азаматтар Ұлттық ұланға қарасты тікұшаққа отырғызылып, қауіпсіз саналатын Бестамақ ауылына көшірілді. Эвакуация жұмыстарына адам тасымалдайтын автобустар да жұмылдырылған. Құтқарушылар су тасқынына қарсы шараларды бірден қолға алып, қазір жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс істеп жатыр.