Тасқын су ықшамаудандарға жетті. LIVE
Құлсары қаласында Құрсай өзегі арнаны жырып, жайылған су ықшамаудандарды басты.
Осыған байланысты тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.
Асланбек Шығыр, тілші:
- Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында жағдай сағат сайын күрделеніп бара жатыр. Осыдан 30 минут бұрын екінші вахташылар ықшамауданы суда қалды. Біз қазір екінші ауыл ықшамауданындамыз. Мұнда тұрғындар дамылсыз жұмыс істеп, ауылды аман алып қалуға барын салып жатыр. Әзірге бұл жақтағы су өз арнасында тұр.