Елде еріктілер саны 20 мыңнан асты
Елде су тасқыны басталғалы еріктілер саны 20 мыңнан асқан.
Олар аз уақытта 350 мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек жинап, басым бөлігін зардап шеккен өңірлерге жеткізген. Қалғаны жолда. Әкелген заттарды сұрыптап, халыққа табыстау осы волонтерлердің мойнында. Сондай-ақ олар құтқарушылармен бірігіп, адамдар мен үй жануарларын эвакуациялауға да көмектесіп жатыр.
Айбек Досымбетов, «Ұлттық волонтерлік желі» Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл департаментінің басшысы:
- Қазіргі таңда су тасқыны басталғаннан бастап республикамыздың 20 аймағында 20 жедел желі телефон номері іске қосылды. 14 аймақта гуманитарлық көмек жинау пункттері ашылды. Республиканың барлық азаматы көмек бергісі келген азаматтар 14 аймақтағы гуманитарлық пункттерге жеткізіп беріп жатыр.