Көкшетаудағы саяжайларды су басты
Көкшетаудағы Қылшақты өзені қайта арнасынан асып, мектеп маңындағы көпірді шайып кетті.
Қазір өзен бойындағы көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандарға қауіп төніп тұр. Бұдан бөлек, қала шетіндегі саяжайларды да су басты.
Мұратқазы Дәмелқазы, қала тұрғыны:
- Үйдін ішіндегі бүкіл затты су ағызып кетті. Оның үстіне көрсеңіздер болады, 10-15 үй су астында жатыр. Басқа да судан қаутеніп тұрған үйлер көп бұл жақта.
Даниярбек Нұрсейітов, қала әкімінің орынбасары:
- Ағымдағы жылдың 2-5 сәуірі аралығында бағалау және залалды өтеу жөніндегі комиссия 92 өтініш қабылдап қарастырды, оның 75-і бағалау жүргізуге жіберілді, қалғандары комиссиямен қарастыру үстінде. Залалды бағалау 10 жұмыс күні ішінде жүргізілетінін және комиссия зардап шеккендерге төлем жасау туралы шешімді 3 жұмыс күні ішінде қабылдайтынын ескерген жөн.