Қазақстанда 4 бірдей газ өңдеу зауыты салынады
Бұл туралы "QazaqGaz" ұлттық компаниясы хабарлады.
Қашаған кен орнында қуаты 4 млрд текше метр кәсіпорын бой көтереді. Қарашығанақ кен орнында қуаты 4 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу туралы шешім қабылданды. Тағы бір кәсіпорын Жаңаөзенде қазір жұмыс істеп тұрған зауыттың базасында салынады. Ұлттық компанияның есебіне сай, қазіргі газ қоры 25 жылға жетеді. Компания жыл сайын 50 млрд текше метр газ өндіреді. Бірақ оның жартысы ғана өңдеуден өтеді.