Қарағанды облысында су тасқыны қаупі сейілді

Табиғи апаттан келген шығын көлемі аз.

Дегенмен зардап шеккендерге тиісті көмек беріледі. Бұл туралы облыс әкімі мәлімдеді. Өңірде 237 гидротехникалық құрылғы жұмыс істеп тұр. Су шайып кеткен сегіз жолдың төртеуі қалыпқа келтірілді.

Ермағанбет Бөлекпаев, облыс әкімі:

- Бұрын қабылданған шаралар су тасқынының салдарын азайтуда септігін тигізді.  Әрине, штаттан тыс жағдайлар да болды. Біз бұдан былай бұған жол бермеу үшін  жұмыс істейміз және бәрін қалпына келтіруге көмектесеміз.