Қасиетті Қадір түні
Бүгін мың айдан да қасиетті Қадір түні.
Барша мұсылман жаратушыға құлшылық жасап, қол жаяды. Бұл сәт дұға-тілектің еселенер шағы. Биыл Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы қадір түнін сәуірдің 5-інен 6-сына қараған түнге белгілеген еді. Сол уақытта жасалған ғибадат Құран Кәрімде 83 жылдық сауапқа пара-пар деп көрсетілген.
Жақия Қажы Абдоллаұлы, «Ырыскелді қажы» мешітінің наиб имамы:
- Түнімен періштелер түседі. Таң атқанша әрбір үйге, шаңыраққа қарап жүреді. Кім тұрып, ғибадат қылып жатыр, не тілеп жатыр соның барлығын Алла тағалаға жеткізеді. Көп періште түскендіктен адам аяқ басатын жер қалмайды екен. Бұл түні тілімізге ие болу керек, жүріп-тұрысымызға, ішіп-жегенімізге ие болу керек.