Шымкентте қызғалдақ гүл ашты
Шымкентте қала символы саналатын қызғалдақ гүл ашып, айналаның ажарын аша түсті, деп хабарлайды 24KZ.
Cаябақтар мен орталық көше бойына 1 миллион түп қызғалдақ тұқымы себілген. Сонымен қатар 40 мың шаршы метр жерге шафран, шырайгүл, барқытгүл егілді. Қазір сол голландық сұрыптағы сары, қызыл, және ақ түсті гүлдердің көбі жайқалып тұр. Жайлы ортаны дамыту басқармасы мамандарының айтуынша, биыл жергілікті тұқымбақта өсірілген көпжылдық гүлдер көптеп егілді. Соның әсерінен көгалдың жалпы аумағы 30%-ке артты.
Жарылқасын Машбек, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары:
- Біздің басты назарымызда қаланың кіреберіс қақпалары. Әуежайдан бастап, вокзалдың аумағын қарасаңыздар болады. Қазір қызғалдақтан бастап жайқалып тұр. Қызғалдақ бұл Шымкент қаласының символы болып есептеледі. Сонымен қатар қаламызда 40 мың шаршы метрді құрайтын жерге 1 жылдық гүлдер де егілді.