Апатты аймақтарға қосымша әскер жіберіледі
Су тасқынына байланысты еліміздің 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды.
Бұл – ұзақ жылдан бері болмаған ең ірі табиғи апат. Қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты Президент қарғын судың салдарын жоюға, барлық күштер жұмылдырылғанын айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысының бұйрығымен апатқа қарсы күреске Қорғаныс министрлігінің қосымша әскери күштері бағытталады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Ондаған мың волонтер де көмектесіп жүр.