Үкімет басшысының орынбасарлары аймақтарда жұмыс істейді
Еліміздің 10 аймағында орын алған төтенше жағдай Президенттің тікелей бақылауында.
Мемлекет басшысы қалыптасқан жағдайға байланысты Үкімет пен жергілікті атқарушы билік тарапынан барлық шаралар қабылданғанын айтты. Сондай-ақ Премьер-министрдің басшылығымен Республикалық штаб құрылып, Премьер-министрдің өзі, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралап жүр.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Жағдайы неғұрлым күрделі аймақтардағы жұмысты үйлестіру үшін Үкімет басшысының орынбасарларына аймақтарға шығуды тапсырамын. Олар ахуал түзелгенше сол жерде болады. Ақпараттық штаб азаматтарды мемлекет қабылдап жатқан барлық шаралар жөнінде үздіксіз және жан-жақты хабардар етіп отыруға тиіс.