Су тасқынына байланысты жағдай бақылауда

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына барды.

Өңірде 27 наурыздан бері су тасып, жағдай ушығып барады. 4 сәуір күні Жем өзені көтеріліп, Құлсары қаласы мен бірнеше елдімекенді басып қалды. Мыңдаған тұрғынның баспанасына су кірді. Қанат Бозымбаев жағдайды көріп, алдағы атқарылатын жұмыстарды жергілікті билікпен талқылады.

Табиғи апаттан Құлсары қаласында 2,5 мыңнан астам үй мен 5 бизнес нысанды су шайып кетті. Автокөлік жолы бұзылып Атырау-Маңғыстау күре жолында қатынас тоқтатылды. Өткен екі күнде 15,5 мыңдай адам су басқан қаладан көшірілді. Апат аймағын тікұшақтан аралаған Қанат Бозымбаев аудан тұрғындарымен кездесті. Түстен кейін облыстық штаб отырысында қалыптасқан жағадайға байланысты мамандармен кеңесті

Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- 260-270 техника бар, ауыр техника да бар. Ол жеткілікті. ЖЖМ бар. Сондықтан ресрустар бәрі жеткілікті. Қатты алаңдап дабылдататындай ештеңе жоқ. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін бізге 3-4 күн керек болады.

Ендігі қауіп Жайық өзеніне қатысты. Бастауын Ресейден алатын өзен бүгінде Орал өңіріне үлкен қиындық туғызуда. Мамандар енді 15-20 күнде нөпір су Атырауды басып қалуы мүмкін дегенді айтады. Себебі секундында 250 мың жыдамдықпен тасыған өзен бой бермей кетуі мүмкін

Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Тиісті жоспар ертең дайын болады. Керекті қаржыны Астанадан жібереміз. Адами күштерді топтасырып, солдаттарды жібереміз техникаларды жалдаймыз, алып келеміз. 

Жоспарлаған жұмыстарды жедел қаржыландыру үшін Атырау қаласы бойынша төтенше жағдай жариялануы да мүмкін. Бірақ оған үреймен қараудың қажеті жоқ. Ол жұмыс процессін жеделдету үшін керек деді жиынды қортындылаған Премьер-Министрдің орынбасары.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин