Роман Скляр: Зардап шеккендерге тез арада көмек көрсетіледі
Халықты эвакуациялау пункттері, азық-түлік, дәрі-дәрмек қорлары.
СҚО-да бірінші вице-премьердің басшылығымен су тасқынына қарсы іс-қимыл жоспары анықталды
Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су тасқынына қарсы күресті тиімді үйлестіру үшін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысына барды. Ол өңірдегі су тасқыны жағдайы бойынша жедел кеңес өткізді, оған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
- Облыста су тасқыны бойынша күрделі жағдай қалыптасуда.
- Су деңгейінің күрт көтерілуі критикалық деңгейден жоғары болады деп күтілуде.
- Сәуірдің 5-нен бастап Сергеев су қоймасы толып, арнасынан асты.
- Петропавл қаласының маңындағы су деңгейінің алғашқы көтерілуі 6 күннен кейін басталып, ал су тасқынының шарықтау шегі сәуір айының аяғында болады деп күтілуде.
Роман Скляр су тасқынының келеңсіз сценарийін болдырмау үшін бар күш-жігерді салу керектігін атап өтті. Атап айтқанда, су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға барлық қажетті көмекті көрсету бойынша кешенді шараларды қолға алу қажет. Көмектің тез арада және қағазбастылықсыз көрсетілгені маңызды.
Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары облыс басшылығына тұрғындарды эвакуациялау пункттерін дайындауды, азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, тұрғындар арасында тасқын кезіндегі ережелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды, қаптарды инертті материалмен толтыруды, егістіктерде еріген судың жиналуын үнемі бақылауды, күштер мен құралдардың тәулік бойы дайындығын қамтамасыз етуді, ықтимал су тасқынын жою үшін Сергеев, Шағалалы және Сілеті су қоймаларынан судың ағуына тәулік бойы мониторинг жүргізуді тапсырды.