10 облыста төтенше жағдай жарияланды
Су тасқынына байланысты 10 өңірде төтенше жағдай жарияланды.
Бұл Абай, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Ұлытау, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстары. Су тасқыны болған аймақтардан барлығы 61 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Олардың 15 мыңы бала.