Тасқыннан зардап шеккен ақтөбеліктерге біржолғы төлем жасалады
Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға біржолғы төлем жасалады. Облыс орталығы мен Әйтеке би ауданында оның көлемі 300 мың теңге, қалған аудандар үшін 369 200 теңге белгіленді, деп хабарлайды 24KZ.
Көмек демеушілер есебінен қаржыландырылады. Өтініштер 8 күн ішінде қаралып, 3 күнде төлем жасалады. Зардап шеккендердің материалдық шығыны да өтеледі. Ол үшін азаматтар 1 ай ішінде өтініш жазу қажет. Оған жеке куәліктің көшірмесі мен жоғалған не бүлінген мүліктің тізімін қоса беру керек. Кейінгі 15 күнде арнайы комиссия үй-үйді аралап, техникалық акт жасайды. Өтемақы 30 күнтізбелік күн ішінде төленеді. Келтірілген залал 80%-тен асса, жылжымайтын мүлік жойылды деп танылып, зардап шеккендерге жаңа баспана салынады.