Үкімет басшысы Атырау облысындағы су тасқыны жағдайын бақылады
Аумақтағы ахуалды тікұшақпен барлап, өзен жағалауларын нығайту жұмысын тексерді.
Олжас Бектенов табиғи апатқа тап болған Құлсары жұртшылығымен де кездесіп, қабылданып жатқан шаралар бойынша сұрақтарға жауап берді. Айта кетейік өңір бойынша қызыл судан 28 мың 551 адам құтқарылды. Ағын суды азайту үшін, Жем өзенінің сағасы қазылып, бойында орналасқан жасанды бөгеттер бұзылды.
Санат Аязбаев, автожолшылар және Атырау шағын аудандарына жауапты:
- Қазіргі таңда жағдай бірқалыпты. Күні түні әкім апаратының, аудан әкімі апаратының мамандары бақылауда. Су енді жайылып келе жатыр. Бақылаудамыз. Мердігер мекемелерден техникалар жұмылдырылып, тұрғындар мен еріктелер көмегімен 7 мың қапшық қапталып белгілі орындарға қойылғанын хабарлаймыз. Әлі де қапшықтар қамтамасыз етіліп жатыр. Бөгетті толықтай аяқтағанша жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.