Су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде
Елдің су басқан өңірлерінде аэровизуалды тексеріс жүргізілуде.
Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының елді мекендерінде су тасқыны салдарын жою, сонымен қатар қызыл суға қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Соңғы мәліметке сәйкес, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында 3700-ден аса жеке тұрғын үй, 560-тан аса аула аумағы, 1822 саяжай үйі және әртүрлі мақсаттағы 73 ғимарат, сондай-ақ 155 автожолды су басқан.
72 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Оның 17 217-сі бала. Мемлекеттік авиацияның әуе кемелерімен 2 600-ден аса адам құтқарылды.
Қазір жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеп тұр. Мұнда барлығы 1009 қоңырау келіп түскен. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.