ШҚО-дағы су тасқынына қарсы жұмыс қызу
Шығыс Қазақстан облысында да су тасқынына қарсы жұмыс қызу жүріп жатыр.
Өңірдегі қосымша алдын алу жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің №68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жұмылдырылған. Қазір бұл аймақта жалпы ұзындығы 135 шақырым болатын 72 канал, 376 километрді құрайтын 448 арық, тас жолдағы 1735 және теміржолдағы 90 су өткізетін құбыр, 277 көпір тазартылды. Тағы 369 мың текше метр қар шығарылды. Қауіптің алдын алу үшін өңірдегі су қоймаларында тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр.