Қостанай облысында 328 тұрғын үй су астында қалды
Автожоларда 5 учаске мен 1 көпірді су шайып кетті.
Бұл туралы Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Асылбек Садуов айтты. Эвакуацияланған тұрғындардың 1300-ге жуығы бала. Қазір қауіпсіздік шараларын нығайту мен қызыл судың салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.
Асылбек Садуов, Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары:
Бүгінгі күнімізде Қостанай облысынан көмекке келген әскери қызметтер бар. Қызылорда облысынан, Қарағанды облысынан, Астана қаласынан осының барлығын айтар болсақ жалпы 285 адам 21 техника көмекке келді.