Жылыой ауданына арнайы техника жетті
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласынан Жылыой ауданына 40-қа жуық арнайы техника жеткізіліп, қауіпті аймақтарға жіберілді.
Жаға бекіту жұмыстары жалғасып жатыр. Дегенмен су деңгейінің төмендегені байқалады.
Осындай қиын шақта қолдау көрсеткен өңірлерге Жылыой халқы алғысын білдірді. Маңғыстау облысынан техника мен бірге азық-түлік, киім-кешек жеткізіліп жатыр.
Нұрболат Сарманов, Жылыой ауданы әкімінің орынбасары:
- Су тасқынына қауіпті аймақтарға бөгет салуға, сонымен қатар қала ішіндегі кейбір қауіпті ықшам аудандарына бөлінеді. Барлығы анықталып тұр. Өзінің жауапты мамандарымен бірге біз бөліп береміз. Бұйырса сонымен қатар жұмыс күштері де келе жатыр 100-ге жуық. Гуманитарлық көмек бар. Оны да 6-мектепке белгілеп сонда түсіретін боламыз.
Айта кетейк, Төттенше жағдайдар министрлігінің мәліметі бойынша қазір Жылыой ауданы Құлсары қаласында су басқан үйлер саны - 2680.
Құтқарушылар Жем өзенінің арнасынан асып Құлсары қаласын су басуына байланысты 8150 қапқа құм толтырылып, 2200 метр қорғаныс бөгеттерін жасаған. Тұрғындар тарапынан 20 қоңырау түсіп, 9 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды. 34 адам және 40 үй жануары қауіпсіз жерге шығарылған.