Су тасқыны. Ұлттық ұлан алғы шепте
Табиғи апат орындарында бір жарым мыңнан астам Ұлттық ұлан жауынгері жүр.
Мысалы, Қостанай қаласының 66/97 әскери бөлімінен 140-қа жуық әскери қызметші мен 3 техника жұмылдырылды. Олар Қостанай және Тобыл қалаларының тұрғын алаптары жанында қаптарды толтырып, төсеуге көмектесіп жатыр.
Сарбаздар СҚО-дағы Прибрежное және Заречный кенттерінде су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге атсалысуда.
Аймақтардағы жұмыс тиімділігін арттыру үшін құқық қорғау күштерінің 70-тен астам авиа және автомобиль техникасы тартылды. Нәтижесінде 1000-нан аса адам эвакуацияланды, 140 000 қап құм төселді.
Гуманитарлық көмекті жеткізуде де ұлттық ұландықтардың үлесі зор.